AgroCredit
Сенім телефоны +7 (701) 006 18 18
+7 (701) 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Исмаилова Ұлдана Төлегенқызы
06.03.2024 00:00:00
Құрметті Алмат Бүркітбайұлы!! Мен жалғызбасты 4 баланың анасымын.2019 жылы ЖШС "Финпомощь" арқылы .үйімді кепілдемеге қойып несие алған болатынмын.2022 жылы жабылды.Алайда үйімнің құжатын алалмай жатырмын АКК Қызылорда филиалынан. Өзім, қызым екеумізде учетта тұрамыз.АКК ның сұраған құжаттарын (выписка төленген жөнінде, анықтама жабылған жөнінде) түгел өткізгенмін. Сізде барлық үмітім.
06.03.2024 00:00:00
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (әрі қарай -Корпорация) Қызылорда облысы бойынша филиалы Сіздің 14 желтоқсан 2023 жылғы өтінішіңізге төмендегідей хабарлайды. 2017-2021 ж.ж. арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» бағдарламасының аясында, соңғы қарыз алушыларды несиелендіру мақсатында, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы Несие беруші деп аталатын бір жағынан "Микрофинансовая организация "ФинПомощь" ЖШС-і Қарыз алушы деп аталатын екінші жағынан бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар 10.07.2019 жылғы №376-КЗ-ДКЗ негіздемелік келісімі (бұдан әрі – Келісім) жасалған. Аталған Келісімге сәйкес, қарыз алушыға 130 000 000 (бір жүз отыз миллион) теңгеге 26.02.2026 жылға дейін несие желісі ашылған. Несие желісін толық қамтамасыз ету үшін, Корпорация Кепіл ұстаушы деп аталатын бірінші тараптан, Исмаилова Ұлдан Төлегенқызы Кепіл беруші деп аталатын екінші тараптан және Борышкер деп аталатын Микрофинансовая организация "ФинПомощь" ЖШС-і 10.07.2019 жылғы №376-КЗ-ДКЗ-17 санды кепіл шартын (әрі қарай - Кепіл шарты) жасасты. Аталған кепіл шартының 1.1 тармағына сәйкес, Несие желісін ашу туралы 2019 жылғы 10 шілде №376-КЗ-ДКЗ Негіздемелік келісім бойынша және барлық қосымша келісімдер мен оған қосымшалар бойынша Кепіл ұстаушы алдындағы міндеттемелердің толық көлемде тиісті орындалуын қамтамасыз ету ретінде, Кепіл беруші осы Шартта көрсетілген тәртіп пен талаптар бойынша меншік құқығында тиесілі не иелігіне тапсырылған Кепіл берушінің мүлігін мәжбүрлеп соттан тыс іске асыру құқығымен Кепіл ұстаушыға кепілге тапсырады. Кепіл шарттың 5.3 тармағына сәйкес, осы шарттың қолданысы Борышкер Негіздемелік келісім бойынша барлық міндеттемелерін орындаған кезден бастап және Кепіл ұстаушының барлық заңды талаптарын қанағаттандырған соң тоқтатылады. Кепіл шартының 1.7 тармағына сәйкес, кепіл беруші негіздемелік келісім бойынша барлық міндеттемелерді толық орындағанға дейін оның ішінде негіздемелік келісімнің қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін де, кепіл ұстаушыға сақтауға тапсырылады делінген. Осыған орай, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті Ағыбай батыр көшесі №12 үйді кепілден босату туралы өтінішіңіз жоғарыда көрсетілген шарттардың талаптарына қайшы келeуіне байланысты қанағаттандыруға мүмкіндік жоқ екенің жеткіземіз . Сіздің көтерген сұрағыңыз маңызды, филиал өз тарапынан Сізбен ынтымақтастық орната отырып, Корпорацияның ішкі ережесіне және қолданыстағы заңнамаға сәйкес, алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс жасауға дайын екенін хабарлайды. Сондай–ақ, егер Сіз берілген жауапқа қанағаттанбасаныз Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде қаралған тәртіпте шағымдануызға құқылы екеніңізді қосымша жеткіземіз.
Әбүйіров Шыңғыс Жұмаділдәұлы
23.10.2023
Құрметті Алмат Бүркітбайұлы! Осы жазбаға толық жазу және құжаттарды жүктеу мүмкін болмады. Егер жеке байланыс түрлері болса толықтай барлығын жіберейін. Шын мәнінде жеңілдетілген несие алушылар жіпсіз байланып отыр. Басқаша айтқанда жемқорлыққа итермелеу сезінеді. Себебі мықты танысы, қалтасы қалың және қолы ұзын адамдарға қиындықсыз болады деп есептеймін. Сол себепті осы жерге жазып отырмын. Оң шешімін тауып береді деген сенімдемін!
23.10.2023
Сәлеметсіз бе! Біріншіден, Сіз көтеріп отырған мәселеде ешқандай сыбайлас-жемқорлық тәуекелін көріп тұрған жоқпын. Екіншіден, сатып алатын малды табу өзіңіздің құзырыңыздағы мәселе. Аграрлық несие корпорациясы бұған араласа алмайды. Егер, құжаттарыңыз мақұлданып, несие алатын болсаңыз 90 күннің ішінде қаржының мақсатты жұмсалғаны туралы құжатпен дәлелдейсіз және Аграрлық несие корпорациясының мамандары мониторинг жүргізгенде несие қаражатына алған малыңызды көрсетіп, қосымша құжаттар арқылы растайсыз. Корпорацияның Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 03 мамырдағы № 4 шешімімен бекітілген «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ішкі несие саясаты туралы қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес, несиеге рәсімдейтін мүлікті жұбайынан (зайыбынан), жақын туыстарынан: аталары (әжелері), ата-аналары (оның ішінде асырап алушылары), балалары (оның ішінде асырап алушылары), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілерінен, жұбайының (зайыбының) жақын туыстарынан алуға болмайды. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, қарыз алушыларға ата-аналарынан мүлікті сатып алуға несие бермейтінін хабарлаймыз.
Әбүйіров Шыңғыс Жұмаділдәұлы
23.10.2023
Мен 2,5% жеңілдетілген несие алып мал өсіруді жоспарлап отқан жас кәсіп бастаушы тұлғамын. Құжаттар жинауға кірістім. Бірақ ең соңында құжат түрінде тіркелген мал сататын адам таппадым. Мәселе қазіргі таңда жылқы өсіріп отырған шаруашылықтардың барлығы субсидия алып немесе алуға өтініш беріп қойған. Осы себепті ешқандай шаруашылықтар жылқы малын сатуға ниетсіз. Құжат жүзінде тіркелеген мал әкемнен таптым. Жезқазған қаласына құжат тапсыруға келсем, әкеңіздің малын сатып алуға болмайды деп шығарып салды. Қаншама еңбектеніп құжат жинап, уақытыммен қаражатымды жұпсағанда, ешқандай нәтежиеге қол жеткізбеймін бе? Осы мәселеге орай, құрметті Алмат Бүркітбайұлы сізден кәсіп бастаушы жас тұлға және көпбалалы отбасы ретінде жеңілдетілген ниесені алуға көмегіңізді сұраймын!
23.10.2023
Сәлеметсіз бе! Біріншіден, Сіз көтеріп отырған мәселеде ешқандай сыбайлас-жемқорлық тәуекелін көріп тұрған жоқпын. Екіншіден, сатып алатын малды табу өзіңіздің құзырыңыздағы мәселе. Аграрлық несие корпорациясы бұған араласа алмайды. Егер, құжаттарыңыз мақұлданып, несие алатын болсаңыз 90 күннің ішінде қаржының мақсатты жұмсалғаны туралы құжатпен дәлелдейсіз және Аграрлық несие корпорациясының мамандары мониторинг жүргізгенде несие қаражатына алған малыңызды көрсетіп, қосымша құжаттар арқылы растайсыз. Корпорацияның Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 03 мамырдағы № 4 шешімімен бекітілген «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ішкі несие саясаты туралы қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес, несиеге рәсімдейтін мүлікті жұбайынан (зайыбынан), жақын туыстарынан: аталары (әжелері), ата-аналары (оның ішінде асырап алушылары), балалары (оның ішінде асырап алушылары), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілерінен, жұбайының (зайыбының) жақын туыстарынан алуға болмайды. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, қарыз алушыларға ата-аналарынан мүлікті сатып алуға несие бермейтінін хабарлаймыз.
Әбүйіров Шыңғыс Жұмаділдәұлы
23.10.2023
Мен 2,5% жеңілдетілген несие алып мал өсіруді жоспарлап отқан жас кәсіп бастаушы тұлғамын. Бағдарламамен танысу барысында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға жеңілдік ретінде қарастырылғанын интернет желісінен көрдім. Құжаттар жинауға кірістім. Құжаттарды түгендедім. Бірақ ең соңында құжат түрінде тіркелген мал сататын адам таппадым. Ауданның мал дәргергінен көмек сұрап еөтішпен сұрау. Мәселе қазіргі таңда жылқы өсіріп отырған шаруашылықтардың барлығы субсидия алып немесе алуға өтініш беріп қойған. Осы себепті ешқандай шаруашылықтар жылқы малын сатуға ниетсіз. Құжат жүзінде тіркелеген мал әкемне таптым. Жезқазған қаласына құжат тапсыруға келсем, әкеңіздің малын сатып алуға болмайды деп шығарып салды. Осы мәселеге орай, құрметті Алмат Бүркітбайұлы сізден кәсіп бастаушы жас тұлға және көпбалалы отбасы ретінде жеңілдетілген ниесені алуға көмегіңізді сұраймын!
23.10.2023
Сәлеметсіз бе! Біріншіден, Сіз көтеріп отырған мәселеде ешқандай сыбайлас-жемқорлық тәуекелін көріп тұрған жоқпын. Екіншіден, сатып алатын малды табу өзіңіздің құзырыңыздағы мәселе. Аграрлық несие корпорациясы бұған араласа алмайды. Егер, құжаттарыңыз мақұлданып, несие алатын болсаңыз 90 күннің ішінде қаржының мақсатты жұмсалғаны туралы құжатпен дәлелдейсіз және Аграрлық несие корпорациясының мамандары мониторинг жүргізгенде несие қаражатына алған малыңызды көрсетіп, қосымша құжаттар арқылы растайсыз. Корпорацияның Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 03 мамырдағы № 4 шешімімен бекітілген «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ішкі несие саясаты туралы қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес, несиеге рәсімдейтін мүлікті жұбайынан (зайыбынан), жақын туыстарынан: аталары (әжелері), ата-аналары (оның ішінде асырап алушылары), балалары (оның ішінде асырап алушылары), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілерінен, жұбайының (зайыбының) жақын туыстарынан алуға болмайды. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, қарыз алушыларға ата-аналарынан мүлікті сатып алуға несие бермейтінін хабарлаймыз.
Аханов Фархат муратович
20.10.2023
Агро бизнес кашан Акша болады екен осындан еки ай бурын Акша жок деп айтып еди кашан лизинг ка техника алайын дегем кашан туседи Акша документы кашан жинауга болады
20.10.2023
Сәлеметсіз бе! «Агробизнес» бағдарламасы бойынша биыл бөлінген қаржы толық игерілді. Келесі жылға құжаттарыңызды дайындай берсеңіз болады. Ал лизингке техника алу мәселесі бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның тиімді әрі жеңілдетілген шарттармен лизингке техника беретін бағдарламалары бар. Мысалы, ауыл шаруашылығы техникасының лизингін қаржыландыратын «Қазақстанда жасалған» бағдарламасы жұмыс істейді. Жылдық сыйақы ставкасы – 6 %; Лизингке берілетін мерзімі - 10 жылға дейін; Аванс – лизингке алынатын техника құнының 15%-нан басталады. Бұдан бөлек, «Өз жем-шөбің», «Жеңілдетілген лизинг», «Жасыл өнім», «Стандартты лизинг», «Сенімді фермер», «Экспресс-лизинг» және «Мастер-лизинг» деп аталатын жеңілдетілген бағдарламалар жұмыс істейді. Қазіргі уақытта барлық лизингтік бағдарламалар бойынша қаржы бар. Бағдарламалар туралы толық ақпаратты www.kaf.kz сайтынан біле аласыз.