AgroCredit
Сенім телефоны +7 (701) 006 18 18
+7 (701) 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мал шаруашылығы саласында алғаш рет сақтандыру төлемі берілді

Елімізде алғаш рет мал шаруашылығы саласында мал ауруына байланысты ірі көлемдегі сақтандыру төлемі берілді. Ерікті сақтандыру жүйесі 2020 жылы енгізілген. Сақтандыру келісім-шарт құнының 50 пайызын мемлекет субсидиялау арқылы өтеп береді.   

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданындағы «Ахмет» шаруа қожалығы 75 бас ірі қараны сатып алу үшін Аграрлық несие корпорациясының көмегіне жүгініп, несие рәсімдеген.  

2021 жылы фермер несие шартына сәйкес, 75 бас ірі қараны сақтандырды. Келісім-шарт бойынша сақтандыру сыйақысының жалпы сомасы 693 мың теңге. Соның тең жартысын, яғни сақтандыру полисінің 346,5 мың теңгесін мемлекет өтеп берді.

Біршама уақыттан соң 20 ірі қара бруцеллез ауруынан қырылып қалды. Сақтандыру компаниясы әрбір сиырдың құнын 400 мың теңгеге бағалап, шығын көлемін 8 миллион теңге деп есептеп берді.  

Бруцеллез ауруына шалдыққан мал шаруалардан алынып, шығынның бір бөлігін мемлекет өтеп береді. Малынан айырылған «Ахмет» шаруа қожалығына мемлекет тарапынан 3 миллион теңге берілсе, қалған шығынды сақтандыру компаниясы төледі. Енді фермердің Аграрлық несие корпорациясы алдындағы берешегі қайта есептеліп, 8 миллион теңгеге қысқарды.

Агросақтандыру қауымдастығы мамандарының айтуынша, сақтандыру механизмінде франшиза да қарастырылған. Ол бойынша сақтанушыға қаржының белгілі бір мөлшері берілмейді. Мына жағдайда франшиза көлемі 400 мың теңге. Бұл бір бас ірі қараның құнына тең сома.  

Бұдан бөлек, ескеретін тағы бір жәйт: келісім-шартқа қол қойылған сәттен бастап бір ай өткенде ғана малды сақтандыру шарттары күшіне енеді.

Естеріңізге сала кетейік, өсімдік және мал шаруашылығындағы сақтандыру шарттарымен Qoldau.kz сайтынан таныса аласыз. Мұнда электронды цифрлық қолтаңбаның көмегімен онлайн түрде келісім-шартқа отыруға болады.