5353

Call-Орталығы 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес)
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Аграрлық несие корпорациясының қызметкерлері Тәуелсіздік күні мерекесіне орай марапатқа ие болды

Аграрлық несие корпорациясының қызметкерлері Тәуелсіздік күні мерекесіне орай марапатқа ие болды

«Бәйтерек» холдингінде өткен салтанатты жиында басқарма төрағасының орынбасары Нұрболат Айдапкелов холдинг құрамына кіретін компаниялар қызметкерлерін 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, үздіктерін марапаттады.

Аграрлық несие корпорациясының салалық сараптама департаментінің жобалар жетекшісі Берікқали Мұтаировқа «Еңбек ардагері» медалі берілді.

Осы департамент менеджері Эльвира Ким Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Ә.Смайыловтың алғыс хатымен марапатталды.

Корпорацияның құқықтық департаменті бөлім бастығы Жанар Мырзаханға Ұлттық экономика министрі Ә. Қуантыровтың Құрмет грамотасы, Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы есепшісі Саягүл Жәңгіроваға Ұлттық экономика министрі Ә. Қуантыровтың алғыс хаты табыс етілді.

Корпорацияның өңірлік даму департаменті директоры Әсемгүл Қайырденова «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қ.Шарлапаевтың алғыс хатына ие болды.