5353

Call-Орталығы 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес)
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Астанада «Тұқым-2023» конференциясы өтпек

Астанада «Тұқым-2023» конференциясы өтпек

Астанада 24-25 қараша күндері «Тұқым-2023» қазақстандық контрактациялық конференциясы өтеді. Екінші мәрте ұйымдастырылып отырған конференция Қазақстан ғана емес, Орталық Азия деңгейінде өткізіліп отырған бірегей іс-шара. Ауқымды жиын тұқым шаруашылығымен айналысатын көптеген отандық және шетелдік компаниялардың басын қоспақ.

Компания өкілдері алдағы маусымдағы жаңа тұқым үлгілерін, ал үздік тұқым өсіруші-агрономдар өз тәжірибелерімен бөлісіп, елімізде егін шаруашылығында топырақ қыртысы мен климаттың түрлі жағдайларын ескере отырып жақсы өнім жинаудың қыр-сырын үйретеді.

Аграрлық несие корпорациясының мамандары конференция қатысушыларына АӨК субъектілерін қаржылай қолдау жөнінде кеңес беріп, көктемгі егіс пен күзгі жиын-терім жұмыстарына берілетін жеңілдетілген несие туралы құлағдар етеді.

Іс-шара барысында панельдік сессиялар, дөңгелек үстелдер мен көрме ұйымдастырылмақ. Көрмеде 2023 жылдың көктемгі егіс жұмыстарына қажетті тұқым өңдеуге арналған жабдықтар мен тыңайтқыштар, өсімдікті қорғау құралдары мен сапалы тұқымдардың кең қоры ұсынылмақ.