5353

Call-Орталығы 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес)
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Атырауда қызыл шие өседі

Атырауда қызыл шие өседі

Атыраулық фермер Болат Нысанбаев 2 жыл бұрын өңірде тұңғыш рет қызыл шие өсіруді қолға алды. Грециядан әкелінген 6 мың түп көшетті 5 гектар жерге еккен. Енді келесі жылы бақтағы бұл көшеттер жеміс салады. «Шархат» шаруа қожалығының басшысы мұны бекерге таңдамағанын айтады. Нарықты жіті зерттеп, топырақ құрамын Грецияға жіберіп, әбден көзі жеткен соң жеміс ағашын егіпті. Бұл ерекше кәсіпті ойдағыдай жүзеге асыруына Аграрлық несие корпорациясының қаржысы септігін тигізген. 

«2020 жылы Аграрлық несие корпорациясынан «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша Беларус тракторын, соқа, аспалы шөміш, жүк тиегіш сатып алдым. Бір айдан соң тағы да жеңілдетілген несие рәсімдеп, жылыжай ашып, черешняның көшетін ектім. Жылыжай түсінікті, ал неліктен черешня десеңіздер, алма сияқты оны жаз бойы күзетпейсіз. Әрі бағасы да жоғары, сақтаудың қажеті жоқ, жеміс беретін мамыр айында сатып жібергеннің өзінде ұтылмайсыз. Жеміс алуда алма ағашымен уақыты бірдей, бірақ пайдасы көбірек», - дейді фермер.

Жартылай интенсивті қызыл шие бағын күтіп-баптауға қаржы ұйымы арқылы алған техниканың пайдасы мол. Мұнай компаниясында өндірісті автоматтандырушы болып жұмыс істейтін Болат Мұратұлы тәжірибесін жылыжайға да қолданыпты. Суару, тыңайтқыш беру т.б. үдерістер толық автоматтандырылған. Мұнда тиімді несиеге салынған 3 сотықтан екі жылыжай бар. Біреуіне қияр, екіншісіне қызанақ егеді. Жабық грунттан жылына екі рет алынатын өнім Атырауға тиімді бағамен саудаланады. Қызыл шие жеміс бергенше әзірге, бүкіл шығынды осы қос жылыжай өтеп отыр.