5353

Call-Орталығы 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес)
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Бұрын жұмыссыз – қазір табысты кәсіпкер

Бұрын жұмыссыз – қазір табысты кәсіпкер

Жұмыстан қысқарып қалған Тай ауылының тұрғыны табысты кәсіпкерге айналды. Оған «Іскер» бағдарламасы көмектесті.

Екібастұз қаласына жақын Тай ауылының тұрғыны мал шаруашылығын бастап, аз уақыттың ішінде қой, сиыр мен жылқы басын әжептәуір көбейтіп алды. Тұрсынғали Ордабаев мұның бәрі Аграрлық несие корпорациясы қолдауының арқасы дейді. Шаруашылық қазір отбасылық бизнеске айналды. Фермерге жұбайы мен балалары көмектесіп жатыр.

«Қаржау» шаруа қожалығы тағдырдың жазуымен құрылды, дейді қожалық иесі. Әулетте мал шаруашылығымен ешкім айналыспаған. Тұрсынғали 2017 жылы тәуекелге барып, мал сатып алған.

«Жұмыста қысқартуға ұшырадым. Өзім ауылда тұрамын, басшым қаладан жұмыс ұсынды, көшіп кел деді. Бармадым. Өз ісімді ашып, мал шаруашылығымен айналысуды жөн көрдім. Сөйтіп, қойдан бастадым», - дейді Тұрсынғали Ордабаев.

Шаруа ұсынған бизнес-жоспарды Аграрлық несие корпорациясы мақұлдап, алғаш рет «Іскер» бағдарламасы бойынша ұсақ мал сатып алуға 12 млн теңге бөлген. Қазір қожалықта 150 қой, 120 сиыр және 40 шақты жылқы бар. Мал басы жыл санап өсіп жатыр.

«Ауыл кәсіпкерлерін қолдау үшін корпорация «Іскер» шағын несие бағдарламасын жүзеге асырады. Қаржы мал басын, ауыл шаруашылығы техникасы мен мал азығын сатып алуға беріледі. Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы саласында емес, бірақ ауылдық жерде орналасқан бизнес те қаржыландырылады. Мысалы, асхана, көлік жөндеу орталығы, шаштараз, т.б. Несиенің жылдық мөлшерлемесі - 6%, жылдық тиімді мөлшерлемесі - 6%-дан басталады, несие мерзімі – мал шаруашылығын дамыту үшін 7 жылға дейін, басқа мақсаттар үшін 5 жылға дейін», - дейді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Павлодар облысы бойынша филиал директорының орынбасары Роман Полищук.

Аграрлық несие корпорациясы биыл павлодардық шаруаларды несиелендіру үшін 14,6 млрд теңге бөлді.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. 2001 жылдан бастап агробизнесті дамыту үшін тиімді шартпен жеңілдетілген несие беріп келеді. Несиелеу бағдарламасы мен филиалдың байланыс нөмірін agrocredit.kz сайтынан көруге болады.