5353

Call-Орталығы (жұмыс уақытында) 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес) 8 7172 55 99 96 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін) Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Ақмола облысында көктемгі дала жұмыстары басталды

Ақмола облысында көктемгі дала жұмыстары басталды

«Бәйтерек» ҰБХ АҚ басқарма Төрағасы Қанат Шарлапаев, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма Төрағасы Алмат Әшірбеков және «КазАгроФинанс» АҚ басқарма Төрағасы Айдар Прашев Ақмола облысының көктемгі дала жұмыстарымен танысу аясында «Аграрлық несие корпорациясы» бір қатар зайымшылардың ауыл шаруашылығында болды. Іссапар барысында басшылық инвестициялық жобалармен танысты. Картоп пен дәнді дақылдар өсіретін «Еңбек-1» ЖШС-інде АНК есебінен жалпы сыйымдылығы 6000 тонна көкөніс қоймасы салынған болатын. Сонымен қатар, зайым алушыны осы уақыт ішінде «Аграрлық несие корпорациясы» «КазАгроФинанс» АҚ есебінен 3,5 млрд теңгеге қаржыландырған.

Сондай-ақ, кездесу барысында дәнді дақылдарды өсіру және сатумен айналысатын Аршалы ауданындағы «Ақбұлақ-Агро» ЖШС қазыметімен танысты. Осы уақыт ішінде «КазАгроФинанс» АҚ-ның қажыландыруы 1,3 млрд теңгені құрап отыр. Сонымен бірге, 2013-2020 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға лизинг бойынша 1,1 млрд теңге қаржы бөлінген болатын.

Тағы бір айтарымыз, 2023 жылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несиелендіруге 140 млрд теңге бөлді. Қазір 3408 фермерлерді 138,8 млрд теңгеге қаржыландырып отыр.

Естеріңізге салайық, былтыр «Кең дала» бағдарламасы бойынша шаруа қожалықтары үшін жағдай жақсартылды. Несие қайтару мерзімі келесі көктемге дейін ұзартылған болатын. Ал бұрын қайтару мерзімі қажыландыру жылымен шектелген.

Сонымен қатар, былтырдан бастап алғаш рет 2023 жылдың көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру 2022 жылдың желтоқсанында басталды. Бұл шаруаларға қажетті жұмыстарды сәтті жүзеге асыру үшін ресурстарды алдын ала дайындауға мүмкіндік берді.