5353

Call-Орталығы (жұмыс уақытында) 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес) 8 701 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін) Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

«Тұқым-2023» конференциясының қатысушыларына Аграрлық несие корпорациясы қаржыландыратын бағдарламалар таныстырылды

«Тұқым-2023» конференциясының қатысушыларына Аграрлық несие корпорациясы қаржыландыратын бағдарламалар таныстырылды

Аграрлық несие корпорациясы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге бірқатар несие түрін ұсынады. Оның ішінде – көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған қаржыландыру бағдарламасы. Биыл мемлекет бұл мақсатқа бөлінген қаржыны екі есе арттырды. Отандық егіншілерді қолдауға «Кең дала» бағдарламасы бойынша 140 млрд теңге бөлінді.

Бұл туралы «Тұқым-2023» атауымен өткен ІІ Қазақстандық конференция барысында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ несиелеу департаментінің директоры Әсет Сәдуақасов мәлім етті. Оның айтуынша, 2022 жылы «Кең дала» бағдарламасы бойынша егіншілерді қолдауға 117 миллиард теңге бөлініп, оның көмегімен 5,2 миллион гектар жер өңделген.

Несие бағдарламасы аясында шаруалар бір миллионнан бес миллиард теңгеге дейін, қарыз алушылар тобы немесе несиелік серіктестігі арқылы 10 миллиард теңгеге дейін несие ала алады. Несие 1,5% жылдық сыйақы мөлшерлемесімен және 1,5%- дан бастап жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесімен тиісті қаржы жылының 1 желтоқсанына дейінгі мерзімге беріледі.

«Тұқым-2023» конференциясы 2022 жылғы 24-25 қарашада Астанада өткен болатын. Оның мақсаты – отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен тұқым өндіруші компанияларға келесі жылдың көктемгі дала жұмыстарына дайындалу және ең жақсы тұқым мен тыңайтқыш сатып алу үшін өзекті ақпарат беру.