5353

Call-Орталығы 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес)
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Екі жылда қой санын 1,5 есе көбейтті

Екі жылда қой санын 1,5 есе көбейтті

573 қой 862-ге жетті. Бұл екі жылдағы көрсеткіш. Түркістан облысының тумасы Ербол Елғонов қазір табысты кәсіпкердің бірі. Бұған Аграрлық несие корпорациясының «Агробизнес» бағдарламасы септігін тигізген. 2010 жылы «Тастемір» шаруа қожалығын ашқан фермер азын-аулақ малын көбейту үшін 2020 жылы жеңілдетілген несие рәсімдеп, 573 жергілікті қой мен 32 бас ғиссар тұқымды қошқар сатып алған екен. Ұсақ малды Қазығұрт ауданы, Сарапхана ауылының аумағында бағып отыр. 

«Бұрын қалада мұғалім болып жұмыс істегем, әкем қайтыс болғасын анамның қасына ауылға келдім. Әкемізден қалған аздаған малды көбейтейін деп Аграрлық несие корпорациясының қаржысына жүгіндім. Маңайдан 573 бас қой сатып алдық, қазір 862 саулыққа жетті. Несие өте тиімді екен, бірден мұнша малды алу оңай емес. Қоймен бірге, сиыр, жылқымыз бар, малдың қысқы азығын жинадық», - дейді Ербол Елғонов. 

Қазір бұл қожалық нағыз отбасылық бизнеске айналған. Үлкен ұлы агроном мамандығында оқып жатса, екіншісі мал дәрігері мамандығын бітіріп, ауылда әкесіне көмектесіп жүр. Әрине, қосымша жұмысшысы бар. Әзірге, шаруа қойды қолдан сұрыптап, қажеттілікке сатады. Бір отар қойды енді түгелдей ғиссар тұқымды саулыққа айналдырмақ. Ал болашақта несиені өтеп тастаған соң етті бағыттағы Австралия қойы – дорперді өсіруді көздеп отыр.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. 2001 жылдан бастап агробизнесті дамыту үшін тиімді шартпен жеңілдетілген несие беріп келеді. Несиелеу бағдарламасы мен филиалдың байланыс нөмірін agrocredit.kz сайтынан көруге болады.

Сурет: krasivosti.pro