5353

Call-Орталығы 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес)
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Шетел бізден мал сатып алса деймін...

Шетел бізден мал сатып алса деймін...

Руслан Айқынбеков осыдан сегіз жыл бұрын қаладан ауылға көшті. Мақсат құлазыған туған ауылына тың серпін беріп, жайлауын асыл тұқымды малға толтыру еді. Аграрлық несие корпорациясының қолдауымен мақсатын жүзеге асырып жатыр. Жетісулық шаруа 126 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, Ресейден 250 бас сиыр әкелген.

«Асыл тұқымды мал басын көбейткім келеді. Ниетім - біз шетелден емес, шетел бізден мал сатып алатындай, мынау қазақтың ақбасы, қазақтың герефорды деп айтатындай жағдайға жету», - дейді «Арқарлы» шаруа қожалығының жетекшісі Руслан Айқынбеков.

Кәсіпті қолға аларда шаруашылық басшысы бәрін есептеген. Жайылым, жем-шөп қоры жеткілікті болу керек. Мал дәрігері, зоотехник, басқа да жұмысшылардың да жағдайын реттеу қажет. Мақсатына қолдау білдірген жақындарын жұмысқа жұмылдырды. Қазір 20-ға жуық адамды еңбекпен қамтып отыр.

 «Арқарлы» шаруа қожалығының жетекшісі несиені белгіленген мерзімнен бұрын өтеп, қосымша қаржы алып, мал басын әрі қарай еселеуді көздеп отыр. Әсіресе, етті және етті-сүтті бағыттағы ірі қараға ден қойылмақ.

Жетісу облысы еншісін алып бөлініп шыққалы басымдықты осы ауыл шаруашылығына бағыттады. Мемлекеттен көрсетілетін қолдаудың басым бөлігі мал шаруашылығына тиесілі. Бұл ретте Аграрлық несие корпорациясының қосар үлесі қомақты. Қаржы ұйымы биыл Жетісудағы ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерге 8,3 млрд теңге бөлді.