5353

Call-Орталығы 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес)
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Теріскейді қымызға қарық қылмақ

Теріскейді қымызға қарық қылмақ

Ауылда жұмыс жоқ деп қол қусырып қарап отырмай, мемлекеттің берген мүмкіндігін пайдаланып шағын кәсіп ашқандар жетерлік. Солардың бірі - Мейірбек Нұрышкин есімді азамат Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл елді мекенінде тұрады.

Дәнекерлеуші болып жұмыс істеген ауыл тұрғыны тапсырыс азайып, табысы кеміген соң, «Бастау бизнес» кәсіпкерлік курсынан өткен. Содан кейін жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, жылқы шаруашылығын бастап кетті.

Мейірбек Ғабдуәлиұлының ауласында қазір 11 бас жылқы бар. Малды Аграрлық несие корпорациясының Солтүстік Қазақстан облысындағы филиалында «Іскер» бағдарламасы арқылы несие рәсімдеп сатып алған.

«Шағын несиені 4,5 жылға алдық. Шарты өте тиімді – пайызы төмен, мерзімі ұзақ. Біз сияқты қосалқы шаруашылық жүргізіп отырған ауыл халқы, әсіресе жастар үшін өте қолайлы бағдарлама. 10 шақты малдан бастап, әрі қарай кәсіпті өркендетуге таптырмас мүмкіндік», - дейді жеке кәсіпкердің жұбайы, әрі көмекшісі Гүлзат Нұрышкина.

Шаруа бұрын Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан несие алып, ірі қара малмен айналысқан. Етін Петропавлдағы базарға өткізіп жүрген. Енді Нұрышкиндер отбасы солтүстік өңірді қымызбен қамтуды жоспарлап отыр. Себебі, аймақта қымыз қымбат.

«Іскер» бағдарламасы бойынша теріскейде 128,1 млн теңгенің 26 жобасы қаржыландырылды. Қаражаттың 70%-ы мал шаруашылығына, 30%-ы қызмет көрсету саласына жұмсалды. Жалпы, аймақта осы бағытта 2,5 миллиард теңге көлемінде несие беру жоспарланып отыр.