5353

Call-Орталығы 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес)
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Жайылымда мал баққан тиімді

Жайылымда мал баққан тиімді

Бордақыда емес, далада жайылған малдың еті ең дәмді әрі құнарлы. Ғылымда мал жайылымда жүрсе 123 түрлі өсімдікті жейтіні дәлелденген. Жайылым жердің көлемі бойынша әлемде 5-орын алатын Қазақстанда жайылымдық мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік мол.

Табиғат сыйын кәдеге жарата білген шаруаның бірі БҚО, Теректі ауданы, Ақсоғым ауылында тұрады. Төрт түлікті түгел өргізген Сәбит Әжкеев 2013 жылы шаруа қожалығын ашып, азды-көпті мал ұстапты. Алайда мыңғыртып мал бағу үшін мемлекеттің қолдауы қажет еді.

«Ауылда тұрған соң шаруашылыққа трактор керек, бұрын лизингке агротехника алғам. Былтыр Аграрлық несие корпорациясынан жеңілдетілген несие рәсімдеп, маңайдан 50 бас жылқы, 52 сиыр сатып алдым. Корпорациядан несиені алғаш рет алдым, тиімді екен, 2 жыл негізгі қарызды төлеуден босатылдым. Малды ет өндірісі үшін алдым, сүтін сауу жоспарда жоқ. Жергілікті тұқым болғасын өнімділігін арттыру үшін табынға ақбас бұқа әкеліп қостым», - дейді шаруа қожалықтың басшысы.

Батыс Қазақстанда қыс қатты, түлік 5 ай бойы қолға қарайды. Жылқылар ғана тебіндеп жайылады. Ірі қарамен қатар, қожалықта қой да бар. Өзінің шабындық жерінен жылына мың жарым тай шөп жинайды. Жемді сатып алады екен. Әзірге, былтыр алынған мал төлдеген жоқ. Бұйыртса, келесі жылы көбейгенде ішкі нарыққа жаңа сойылған мал етін саудаламақ. Ет өткізуден қиындық жоқ, Оралдағы ет өңдейтін кешендер мен базарлар табиғи жайылымда бағылған малдың етін қақпай алады.