Сенім телефоны +7 (701) 006 18 18
+7 (701) 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Омбудсмен – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесі тағайындайтын, рөлі өзіне өтініш жасаған, еңбек дауларына, қақтығысқа қатысушылар болып табылатын Корпорация қызметкерлеріне кеңес беру және Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының сақталуын (оның ішінде қажет болған жағдайда құпиялылықтың сақталуын) ескере отырып, оларға өзара қолайлы, сындарлы және іске асырылатын шешімді әзірлеуге жәрдемдесу,  проблемалық әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешуге, сондай-ақ Корпорация қызметкерлерінің іскерлік этика қағидаттарын сақтауына жәрдемдесу болып табылатын тұлға.

Омбудсменнің негізгі атқарымдары:

  • Іскерлік әдеп кодексі ережелерінің орындалмауы туралы мәліметтерді жинау;
  • оған жүгінген қызметкерлерге, еңбек дауларына қатысушыларға кеңес беру;
  • жұмыскерлердің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және Корпорацияның лауазымды тұлғаларының қабылдаған шешімдеріне (актілеріне) қатысты Корпорация қызметкерлерінің өтініштерін қарау;
  • Корпорация қызметкерлеріне қақтығысты (дауларды) бастапқы кезеңінде сот органдарына тапсырылғанға дейін реттеуге, соттан тыс тәртіппен реттеуге жәрдем көрсету;
  • қабылданған өтініштер бойынша Корпорацияның лауазымды тұлғаларына қақтығыстарды (дауларды) реттеу жөнінде ұсыныстар беру;
  • жүйелі сипаттағы қақтығыстарды (дауларды) шешу және олардың алдын алу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
  • Корпорация қызметкерлерімен, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен қажетті мәжілістер, кездесулер, кеңестер, талқылаулар өткізу, сондай-ақ келіп түскен өтініштер бойынша Корпорация қызметкерлерін тыңдау.

Корпорацияның Омбудсмені "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарушы директоры Көшкімбаев Нияз Жеңісұлы болып табылады.

Корпорацияның кез келген қызметкері мен лауазымды тұлғасының еңбек заңнамасын, Корпорацияның ішкі рәсімдері мен Іскерлік әдеп кодексінің ережелерін бұзу фактілері бойынша, сондай-ақ корпоративтік қақтығыс пен мүдделер қақтығысына әкеп соғуы мүмкін фактілер мен жағдайлар бойынша Корпорацияның Омбудсменіне келесі байланыс арналары арқылы хабарласуыңызды сұраймыз:

Телефон: +7 (7172) 270-404.

Электрондық мекенжай: n.koshkimbayev@baiterek.gov.kz,

Пошталық мекенжай: 010000, Қазақстан Республикасы, Z05Т3Е2, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55А үй.