5353

Call-Орталығы 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес)
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Дипломмен - ауылға!

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына қатысуы»

Ауылдық аумақтардың кадрлық әлеуетін нығайту, ауылдық жерлерде диплом алған кадрларды бекіту мақсатында 2009 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Тұңғыш Президентінің тапсырмасы бойынша «Дипломмен ауылға!» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылды».

Бағдарлама әлеуметтік сала, агроөнеркәсіптік кешен мамандарына және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджет несиесі түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуға бағытталған.

Бағдарламаға қатысушылар:

Қарыз алушы – ауылдық жерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандары, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері.

Сенім білдіруші – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі, оның ішінде ауылдық аумақтарды дамыту, сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органдар.

Сенім білдірілген өкіл (агент) – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ.

Бағдарламаны іске асыру аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ сенім білдірілген өкілдің (агенттің) функцияларын орындайды, негізгі функцияларына қарыз және кепіл шарттарын дайындау, несие беру, кепілді қамтамасыз ету мониторингін жүргізу, қарыз алушылардан төлем қабылдау, мерзімі өткен берешектермен жұмыс, уәкілетті органдарға есеп беру жатады.

Несиелеу шарттары:

Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін қарыз алушы құжаттарды (тізбеге сәйкес, әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы қағидаларға сәйкес) мемлекеттік корпорация арқылы немесе «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық форматта жібереді. Сенім білдіруші қарыз алушының құжаттарын қарайды және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің қаулысы түрінде шешім қабылдайды. Бұдан әрі сенім білдіруші әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы келісім жасайды және әкімшілендіру үшін несие құжаттамасын сенім білдірілген өкілге (агентке) береді. Сенім білдірілген өкіл (агент) қарыз шартын, кепіл шартын, төлемдер кестесін дайындайды, оларға тараптардың қол қоюын қадағалайды және уәкілетті тіркеуші органда тіркеу үшін қарыз алушыға кепіл шартын береді. Кепіл шарты тіркелген соң сенім білдірілген өкіл (агент) қарыз алушыға немесе сатып алынатын тұрғын үйді сатушыға ақша аударады.

«Дипломмен-ауылға!» бағдарламасы іске қосылғалы 43 000 жас маман тұрғын үй сатып алуға және салуға жалпы сомасы 132,4 млрд теңге бюджет несиесін алды.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы сомасы 4,6 млрд теңгеге 1016 қарыз берілді.